Smart City Kyzylorda Hackathon жеңімпаздары анықталды

314

0

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен 11 қараша күні «Smart City Kyzylorda Hackathon» идеялар байқауы өтті.

Байқауда үздік жобаларымен алға шыққан жастарды облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Бәкіров пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Экономика және құқық институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев марапаттады.

Бесінші рет өткізілген байқауға 350 қатысушы, 120-ға жуық жоба тіркелді. Байқауға қала жастарымен қатар облысымыздың аудандарынан қатысушылар қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша әр секциядан 3 қатысушы жеңіске лайық деп танылды.

Әр жеңімпазға 1 орын – 150 000 теңге, 2 орын – 100 000 теңге, 3 орын – 50 000 теңге сертификаттары табысталды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті білім грантын 3 қатысушы иеленді. Сонымен қатар, біршама қатысушылар ұйымдастырушылар мен әділқазы мүшелері ұсынған сыйлықтарға ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<