Ардагермен сыр – сұхбат…

881

0

Ел тарихындағы сұрапыл, сұм соғыстың болып өткеніне де 77 жыл толды. Майданымыз ауыр, азапты өмірлері қанша тағдырды жылатып кетті. Әкесіз өткен жетімек балалық шақ тартысқа түскен тағдыр азап пен тауқыметке толы өмір мұның бәрі де зұлмат соғыс жылдарының көрінісі болса, жүрекке жылу ұялатып, сөнгенді тұтандырып, келешекке үміт ұялатқан әр жүректегі ұлы ұғым, күткен қуаныш ол жеңіс болды.

Жеңістің туын көтерген әр майдангерлерімізге бүгінгі ақ таңымыз үшін мың алғыс.

Осы тұста Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бақтияр Дауренқұлов және анықтаушы (криминалист) әділет капитаны Бекзат Жұмағазин, Қызылорда өңірінің тумасы отан соғысының ардагері Әбдірахман Бәйтіковтың шаңырағына арнайы барды.

Әбдірахман Бәйтіков қонақтарды қуанып қарсы алып, өзінің майдан даласындағы ауыр өмірінен сыр шертті. Қан майданындағы шайқастарын, қарулас достарын, соғыс даласындағы ерліктерін әңгімелеп берді.

Сұхбаттасу соңында Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне алғысын айтып, ақ батасын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<