Сыр өңірінен Батыс Қазақстан облысына арнайы техникалар жіберілді

450

0

Фото: облыс әкімдігі

Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен су тасқыны болған аймақтарға көмек жіберу жалғасуда.

Бүгін Батыс Қазақстан облысына 106 арнайы техника жөнелтілді.

Арнайы техникалар бір тәулік ішінде әзірленіп, теміржол  арқылы жолға шықты. 

Еске салсақ, осы уақытқа дейін су апаты болған аймақтарға 296 қызылордалық құтқарушы, 135 техника жіберілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<