Сырдария ауданында «Қызылорда-Жалағаш» жолындағы көпір күрделі жөндеуден өтуде

5

0

Сырдария ауданында орналасқан «Қызылорда-Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 47,9 шақырымындағы көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, жол инфрақұрылымының сапасын жақсартуға бағытталған маңызды нысандардың бірі саналады.

1985 жылы салынған көпір бүгінде толық жаңғыртудан өтуде. Жоба аясында көпір конструкцияларын күшейту, кірме жолдарды реттеу және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау жұмыстары қарастырылған. Көпірдің жалпы ұзындығы – 30,43 метр болса, кірме жол ұзындығы 710 метрді құрайды. Сонымен қатар, құрылыс кезеңінде көлік қозғалысын үзбеу мақсатында ұзындығы 788 метр болатын айналма жол салынған.

Қазіргі таңда нысанда қада қағу жұмыстары толық аяқталып, бетон құю, автомобиль жолына құм-қиыршықтас қоспасын төсеу және нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ айналма жолға қажетті жол белгілері орнатылған.

Аталған жоба өңірдегі көлік қатынасының сапасын арттырып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынауына мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау жоспарланып отыр.