Терең құдыққа түсіп кеткен бала бір күннен кейін құтқарылды

692

0

Егіс алқабында қазылған құрғақ артезиан құдығына құлаған 6 жасар бала бір тәуліктен кейін құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қашқадария облысы, Шырақшы ауданы, Лангар ауылында болған. 12 маусым күні түс ауа баланың әкесі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен тиісті қызметтер жеткен.

Диаметрі 200 миллиметрлік құдықтан баланы шығару үшін экскаваторлар, грейдерлер және басқа да техникалар қажет болды.

Бала 13 маусым күні сағат 10.25-те шығарылған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жағдайы жақсы деп бағаланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<