
«Владимир Зеленскийді Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде.
Хаттаманың 90,25 проценті саналғаннан кейін Владимир Зеленский Украина президенті сайлауында 73,18 процент дауыспен көш бастап келе жатыр. Ал Петр Порошенко үшін украиналықтардың 24,4 проценті дауыс берген.