Турнирде топ жарды

190

0

Нұр-Сұлтан қаласында өткен VІІ Халықаралық турнирде қызылордалық қос боксшы Тұрсынбай Құлахмет пен Қамшыбек Қоңқабаев топ жарды.

Тұрсынбай Құлахмет 75 келіде сынға түсті. Ол ақтық сында ресейлік Вадим Туковты айқын басымдықпен жеңді. Нәтижесінде өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Ал Нұрлан Сапарбаймен күш сынасқан Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта алтыннан алқа тақты. Өткен жылғы олимпиада чемпионынан басым түскен Қамшыбек бокстан ұлттық құраманың капитаны екенін айта кеткен жөн. 

Естеріңізге сала кетейік, биыл Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында Тұрсынбай Құлахмет чемпион болса, Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдеге ие болған.

Әлем чемпионаты 7-21 қыр­күйек аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<