ҰБТ-дан жоғары балл алған талапкерлер қай университеттерді таңдайды

533

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған талапкерлердің қай университеттерді таңдайтыны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген Қазақстан ЖОО-ларының 2022 жылғы рейтингінде жазылған.

«ҰБТ-дан жоғары балл жинаған талапкерлер ең көп баратын жоғары оқу орындары келесідей: Қазақстан-Британ техникалық университеті (104 балл), Астана медицина университеті (101 балл), С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (94 балл)», – деді «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Керісінше, мына ЖОО студенттерінің ҰБТ-дан жинаған орташа балы ең төмен болған: Қазақ қатынас жолдары университеті – 50 балл; Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты – 50 балл; Ж.Тәшенов атындағы университет – 48 балл; Қызылорда технология және қызмет институты – 22 балл.

Сонымен қатар, талапкерлердің 85% – ҰБТ-ны екі рет, 4% – үш рет және тек 11% ғана – бір рет тапсырған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<