ҰБТ форматы тағы өзгереді

309

0

Фото: Бейнежазбадан

Тасқыннан зардап шеккен өңір түлектеріне 12 мың білім гранты бөлінді. Ал ҰБТ-дан аз балл жинағандарға ерекше таңдау құқығы берілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Біріңғай тестілеуді тағы қандай өзгерістер күтіп тұр? Моншада ашылған лагерлер жойылды ма? Биылғы жазғы демалысты оқушылар үшін қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында қандай шаралар қабылданғанын білдік.

Тасқын кезінде халық мектептерді паналағаны белгілі. Енді 6 өңірдегі қираған үйлерді ғана емес, білім нысандарын да қалпына келтіру керек. Ол үшін жазғы мектептер ұйымдастырылмақ. Ал түлектердің ҰБТ тапсыру мерзімі 47 күнге дейін ұзартылды.

– Биылғы мемлекеттік тапсырыстың 20 пайызындай 12 мың грантты тасқыннан зардап шеккендерге бөліп отырмыз. Тағы бір шешім сол аталған алты өңірден балалар ҰБТ-дан төмен балл алған жағдайда қаңтар және наурызда алған балдарын қолдануға мүмкіндік беріледі, – дейді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ал, тегін оқуға 1-2 балы жетпей қалған балаларды ректорлық және демеушілік гранттарға ұсынбақ. Мұның барлығы тек биыл жасалатын жеңілдіктер. Келер жылы ҰБТ тағы өзгереді.

– Тестолог дайындауды әдемге әйгілі француз компаниясы жүргізеді. Жаңа модель бойынша 350 тестолог дайындалды. Бұл тестологтар жаңа методика бойынша сұрақтар дайындайды, – дейді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, енді жазғы сауықтыру кешендерінде талап күшейтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<