Үш бірдей стипендия иегері

220

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті, республикалық «Халық»  газетінің тілшісі, белсенді жас Азамат Абимолда биыл 3 бірдей стипендия иегері атанды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында озат жас өрен Азамат Абимолда БАҚ өкілдеріне алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Биыл үш бірдей конкурстың стипендия иегері болдым. Оның бірі – ҚР Президентінің шәкіртақысын екінші мәрте алдым. Жалпы, бұл стипендия 1-ші курстан бастап GPA көрсеткіші «өте жақсы» студенттерге беріледі.  Сонымен қатар, биыл Оңтүстік Корея мемлекетінің «Корени Кум» фондының бір реттік стипендиясын иелендім. Бұл байқаудың шәкіртақысына қол жеткізу үшін «Personal statement» яғни, корей тілін жақсы білуім қажет. Осы арқылы конкурстың іріктеуінен сүрінбей өтіп, алғашқы 30 стипендия иегерінің қатарынан көріндім. Тағы да бір «ZhaSTAR» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің аясында Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақысы бұйырды. Стипендиялық бағдарламаның негізгі мақсаты – белсенді әрі дарынды жастарды анықтау арқылы  білім алушылардың  ғылыми және шығармашылық тұрғыда ынталандыру болып табылады. Аталған байқаулардың шәкіртақысына іліккеніме қуаныштымын. Алдағы уақытта Корей мемлекетінде білім алуды жоспарлаудамын, – деді студент Азамат Абимолда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<