«Үздік жас маман-2022» анықталды

582

0

С.Лапин атындағы №261 орта мектепте «Үздік жас маман-2022» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.

Айта кетейік, байқау дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында өтті. Спортшы ұстаздар практикалық икемділігін көресете білді. Байқаудың мақсаты дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің озық іс-тәжірибесін, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қолдау көрсету.

Білім бәйгесіне қатысушылар 5 кезең бойынша өзара мықтыны анықтады.

Байқауға қатысқан жас мамандар өз білімдерін, өнерлерін, шығармашылығын ізденімпаздық қасиетін сынға салды. Сайыстың бағалау критерийлері іс-тәжірибесінде жаңашылдық идеяларын іске асыру, жас маманның кәсіби шеберлігі, педагог жұмысының жүйесі, педагог қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі, педагогтің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық тәжірибені жинақтау нысандарын жетілдіру, шығармашылық іздемпаздылық негізінде жасалды.

Қазылар алқасына үзіктерді анықтау қиынға түсті. Себебі жас мамандар үлкен дайындықпен келген. Олардың әкелген тың идеясы жоғары бағаланды.

Байқаудың нәтижесінде жүлделі ІІІ орынға С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ-мектеп-лицейінің мұғалімі Өркен Останов, №11 мектеп-лицейдің мұғалімі Самат Серікбаев және №178 орта мектептің мұғалімі Арман Жексенбаев лайық деп танылды. Ал, ІІ орынды Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейдің мұғалімі Сұлтан Аяпов пен №176 орта мектептің мұғалімі Мөлдір Раушанбек жеңіп алды. Жүлделі І орын және облыстық кезеңге жолдама Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицейдің мұғалімі Ақерке Болатбековаға бұйырды.

Барлық жеңімпаздар естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<