Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың екінші турындағы электронды хаттамалардың 52,03 пайызын санады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Украининформға сілтеме жасап.
Мәліметтерге сәйкес, Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың 24,61% жақтаған.
Жарамсыз болып қалған бюллеттендер 2,33%.
Еске салсақ, Украинаның кезекті президенттік сайлауында Зеленский мен Порошенко екінші турға өткендігі туралы жазған болатынбыз.