Ұстаздар сайысы тартысты өтті

762

0

Біздің ойлау жүйеміз қалыптасқалы, қоршаған әлемді тану үстіндеміз. Дәлірек айтқанда, ойлау адамның кез келген қызметіне негіз болып табылады. Ал интеллект дегеніміз не? Интеллект бұл ақыл, адамның ойлау жүйріктігі, оқытуда және басқа да қызмет түрлерінде айқын көрінетін адамның қабілеті.

Осы тұрғыда 24 сәуір күні №37 мектеп-лицейінде «Білім нәрі –ізденісте» атты онкүндік аясында «Математика, физика және информатика» бірлестігі ұйымдастырған бірлестіктер арасындағы интеллектуалды «Ақыл баттл» сайысы өте жоғары деңгейде өтті. Сайысқа 8 бірлестіктен 4 ойыншыдан тұратын 7 команда қатысты: «Тұмар», «Ескекшілер», «Фавориты», «ЖасStar», «Өнер», «Қызғалдақ», «Мұрагер» командалары. Сайыс өте тартысты өтті. Бұл баттл 7 турдан тұрды. Онда «Сұрақ time», яғни бұл кезеңде қатысушылар дүниетанымды кеңейтетін қызықты да мазмұнды сұрақтарға жауап берді. Одан кейін – «Шифрландыру». Бұл кезеңде әр командаға 5 тапсырмадан тұратын шифрландыру тапсырмалары берілді, яғни сөздерді сандармен және сандарды әріптермен алмастыру керек. Келесі тур – «Сөздік капитал». Бұл кезеңде қатысушылар бір сөздің ішінен сөздер құрастырды. «АRT-пен сөйле». Бұл кезең 3 бөлімнен тұрды, «Коллажға ортақ сөзді табу». Коллаж 4 суреттен құралған. Әр командаға әртүрлі суреттер берілді. Одан кейін «Кино кадр». Кино кадрлардан 14 үзінді суреттер экранда көрінді. Әр команда кино аттарын жазып үлгеру керек. «Сурет мағынасын қимылмен көрсету». Әртүрлі тақырыпта суреттер берілді, команданың 1 ойыншысына қалған 3 ойыншы суреттің мағынасын қимылмен көрсетеді, 1 ойыншы табу керек. Келесі тур «Цифрлы мұғалім» деп аталды. Бұл кезеңде қатысушыларға арнайы платформамен тапсырмалар берілді. Тапсырмалар тест түрінде болды. Қорытындысын платформа экранға шығарып берді. «Пифагорда қонақта». Бұл кезеңде командаларға 5 тапсырмадан тұратын математикалық тапсырмалар берілді. Есептер математикалық сауаттылықтан болды. Ең соңғы тур, яғни «Ең,ең…». Бұл кезеңде қатысушыларға барлық ғылым саласындағы рекордтар, заттардың,туындылардың ерекше қасиеттері бойынша, табиғат әлемінде айрықша орын алатыны бойынша сұрақтар қойылды.

Ойын барысында қатысушылардың логикалық ойлау, ұқыптылық, мұқият тыңдау және білімге деген құштарлығы байқалды. Осылайша, біз ұстаздарымызға қоршаған ортаны тану үшін, мамандығын жетілдіру, біліктілігін дамыту мақсатында қуатты серпіліс жасадық.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды ағылшын пән бірлестігінің «ЖасStar» командасы жеңіп алды. Ал 2-орын қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Тұмар» командасы лайық деп танылды. 3-орын бастауыш пән бірлестігінің «Ескекшілер» командасына бұйырды.

Қалған командаларға ерекше номинациялар берілді. Барлық командалар арнайы дипломдармен марапатталды және команданың әр ойыншысына бағалы сыйлықтар табысталды.

«Үздік ойыншы» арнайы дипломымен «Өнер» командасының ойыншысы Тынысбек Қарлыбаев марапатталды және арнайы сыйлық табысталды.

Дамыған интеллектісі бар тұлға жүйрік ойлау қабілетін сабақта ғана емес, сонымен қатар одан да тыс жерлерде белсенді пайдалану қажет. Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, болашағымыздың кемел және нық болуы білім беріп жатқан шәкірттеріміздің, жастардың қолында деп ойлаймыз, сондықтан да ұстаздарымыздың да ой жүйріктігін жетілдіру, біліктілігін дамыту әркез, әр бағытта жүргізіліп тұруы абзал.

Бүгінгі таңда өмірге келіп жатқан жас ұрпақ – ертеңгі Қазақ елінің мәңгілік перзенті. Қазіргі кездегі жаңашыл ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір суруге тәрбиелеуі керек. Осы тұста ұстаздар қалыс қалмай, өз білімдерін бүгінгі сайыста паш етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<