Веложарыстан республикалық турнир басталды

5

0

Фото: Сыр спорты

Қызылордада велоспорттан Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Сатыбалдиев Марат Қуанбайұлының жүлдесіне арналған тас жолдағы велоспорттан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Дәстүрге айналған бұл жарысқа еліміздің әр аймағынан жиналған 110 спортшы бес күн бойы тас жолда өз шеберліктерін танытпақ.

Ашылу салтанатына басқарманың бөлім басшысы Сағидат Бертай, «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, облыстық велоспорт федерациясының президенті Рахат Ілияс, «Қайсар» ойын түрлері бойынша спорт клубының директоры Азамат Сатыбалдиев қатысты. Өз кезегінде құрметті қонақтар жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, өңірдегі велоспорттың даму қарқынына тоқталып өтті.

Веложарыстан республикалық турнир 15–16 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар арасында өтуде. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен медальдар табысталады.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы