Облыстық ішкі саясат басқармасының «Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық насихаттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы Халыққа қызмет көрсету орталығында тегін құқықтық кеңес беру шарасын өткізді.
Шараға қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Нұрлыбек Қордабаев, медиатор Маратбек Нұржанов, «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» Қызылорда филиалының консультанты Ғайнұр Омын, «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығының төрайымы Құрманкүл Ерімбетова және заңгер маман қатысты.
Тұрғындар тарапынан мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген тәртіппен тұрғын үй алу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында көп қабатты тұрғын үй аулаларына бейнекамералар орнату, жарықтандыру, медиация арқылы шешуге болатын істерге байланысты түрлі сауалдар келіп түсті. Кеңес беруге қатысқан әр маман өз саласы бойынша заң тұрғысынан егжей-тегжейлі жауаптар берді.
Нұрмұхаммед Әбілқасым,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ 2 курс студенті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<