Қызылорда қаласының шет ауданынан нәрестенің мәйіті табылды

189

0

Қызылорда қаласындағы әл-Фараби шағынауданы аумағынан нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш оқиға 20 мамыр күні белгілі болды. Сол күні сағат 6.30 шамасында әл-Фараби кварталында орналасқан жол бойынан солтүстікке қарай 40 метр жерден нәрестенің мәйіті табылған.
«Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен қылмыстық іс қозғалып, жаңа туған баланы анасының өлтіруі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс шеңберінде барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің барлық процессуалдық талаптарын сақтай отырып, нәрестенің анасын анықтау бағытында кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.
Баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейтінін ескертті. Бұдан Қызылорда облысы Қазалы ауданында пакетке оралған нәрестенің табылғанын хабарлаған едік. Одан кейін тастанды нәрестенің анасы қолға түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<