Қызылордада дәстүрлі веломарафон өтті

274

0

 Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасыменмекеме қызметкерлері мен әуесқойлар арасында  дәстүрлі  веломарафон басталды. Сөре «Тағзым» алаңынан басталып, С.Толыбеков – Желтоқсан –  Ш.Есенов көшелері арқылы «Евразия» спорт кешенінде мәресіне жетті.

Нәтижесінде ерлер арасында Пазылбек Жақсылық (олимпиадалық резерв даярлау орталығы) бірінші болып келсе, тараздық Нұрбол Кулимбетов – екінші, әуесқой спортшы Берік Көпешов  – үшінші орындарды иеленді.

 Әйелдер арасында әуесқой спортшылар Қаракөз Қизатова  жеңімпаз атанса,  екінші орынды Динара Эшатова еншіледі. Үшінші орын халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Ақзия Қырықбаеваға бұйырды.

 «Жеңіске деген жігері үшін»  – номинациясымен Жандәулет Өндірей (ТЖД) мен Қанат Қизтов ( әуесқой спортшы), «Жасы үлкен қатысушы» – 71 жастағы Александр Ким марапатталды.

   Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом, медальдары және  жарыстың бас демеушісі «Biali LTD» ЖШС бағалы  сыйлықтары табысталды.

   Айта кетейік, енді күзге дейін екі апта веломарафон, екі апта жүгіру жарыстары дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<