Қызылордадағы Ұлы Жеңіс мерекесі

316

0

Жеңіс күні – бұл 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысының фашизмге қарсы күрескен кеңес халқының миллиондаған адамдарының және көп ұлтты халқының қасиетті мерекесі. 9 мамыр ТМД елдерінде, сондай-ақ Болгария, Ұлыбритания және Израйльде атап өтіледі және мереке күн болып саналады.  Мамырдың тоғызы күні шеру, мерекелік сап түзеу,  парады, праздничные шествия, даңқ пен айбын ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою, от шашулар атылып, бірнеше жылдан бері  «Мәңгілік полк» акциясы ұйымдастырылып келеді.

Ұлы Жеңіс күні қызылордалықтар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды «Тағзым» алаңында еске алды. Даңқ  мемориалына гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өткізілді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге Облыстық төтенше жағдайлар депратаментінің қызметкерлері де  Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алу құрметіне орай Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  қызылордалықтарды Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады. Оның айтуынша біз жеңістің қандай бағамен келгенін ұмытпауымыз керек. Аймақ басшысы ардагерлерге мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Жиналғандар майданда қаза тапқан сарбаздардың рухына тағзым ете отырып, бір минут үнсіздік жарияланып,  оларды еске алды. Мерекеде дәстүрге сай «Мәңгілік полк» шеруі өтті.

 

Қызылорда облысы ТЖД 

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<