Заңнама бұзған шетелдіктер анықталды

200

0

Шілде айының 16-19 аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші – жаз» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Шара барысында еліміздің көші-қон заңнамаларын бұзған 595 шетелдік анықталды. Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) Қазақстан Республикасының 56 азаматына және ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) Қазақстан Республикасының  28 азаматына әкімшілік шаралар көрілді. 

Өзбекстан Республикасының 124 азаматына уақытша болу мерзімдері қысқартылып, 44 азаматы республика аумағынан шығарылды. Бұған қоса, жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 29 азамат қабылдау тарату орнына жеткізілді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<