Ж.Дәулетбаева: Жүйелі жұмыстың арқасында республика бойынша алғашқы үштіктеміз

320

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өткен жылы мемлекет басшысынының тапсырмасы аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында 492 жас кәсіпкер өз кәсіптерін ашқан.

Биыл да мемлекет тарапынан 400 адамның жаңа бастамасына қолдау көрсетілмек. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Дәулетбаева мәлімдеді.

– Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Жыл басынан бері 11 883 адам мемлекетпен субсидияланатын жұмыс орындарына, 4 741 адам еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарына, 1 538 адам ұлттық жобалар арқылы іске асырылып жатқан жаңа жұмыс орындарына тартылды. Ал, 7 22 адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін мемлекеттік грантты иеленді. Жалпы, жоспарлы көрсеткіштің орындалуымен өңіріміз республика бойынша алғашқы үштіктің қатарында. Одан бөлек, облыс әкімінің ұсынысына сәйкес биыл «100 игі іс» науқаны аясында Қызылорда және Байқоңыр қалаларына мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға әрқайсысының құны 23,0 млн теңге тұратын арнайы 2 – инватакси көлігі сыйға тартылды. Бұл белгілі бір банктің демеушілігімен берілді. Сондай-ақ, биыл алғаш рет облыс бойынша барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек беруге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл көмек Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күніне орай төленетін болады, – деді Жанар Жұмабекқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<