1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептерде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пəні енгізіледі. Ал информатика пəнінің оқу бағдарламасына компьютерлік ойындарды ойлап табу секілді жаңа тақыптар қосылады. Жаңартылған білім беру мазмұнының осы және өзге де ерекшеліктері бүгін мектебімізде өткен тамыз мәслихатында кеңінен талқыланды.
Білім беруді жəне ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сəйкес жаңартылған білім беру мазмұны 2018- 2019 оқу жылы алғаш рет 3,6,8-сыныптарда енгізіледі. Осы орайда бүгін Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыс педагогтарына арналған тамыз мәслихаты өтті. Шараға аудан және қала мектептерінен 400-ден аса мұғалім қатысты. Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Жұматай Бақыт Әмірханұлы «2018-2019 оқу жылындағы білім мазмұнының жаңаруы» тақырыбында баяндама жасап, жаңартылған білім беру стандарттарымен жұмыс істеуді алғаш рет бастап жатқан ұстаздарды жаңа бағдарламаның ерекшеліктерімен таныстырды.
Мәселен, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 3-сыныптарында жаңа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) пəні енгізіледі. Ал негізгі мектептегі информатика пəнінің оқу бағдарламасына сәйкес оқушылар компьютерлік ойындарды ойлап табу секілді жаңа тақыптар бойынша білім алады. Тамыз кеңесінің жұмысы аясында қатысушылар Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған әдістемелік алаңына қатысты.
Жаратылыстану – математикалық пәндер мен тілдік пәндерді оқытудағы биылғы оқу жылындағы өзгешеліктерін қамтитын зияткерлік мектеп ұстаздары мен педагогикалық шеберлік орталығы мамандарының шеберлік-сабақтарында тәжірибе аламасып, оқушылардың оқу жетістіктерін жаңа критериалды жүйе бойынша бағалау секцияларында сабақ жоспарлары мен бағалау құралдарының үлгілерін жете қарастырып, әдістемелік көмек алды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<