
«Менің хоббиім тал егу. Тал егіп жүріп үйрегі бар, қазы бар, тауығы бар, барлығын асырай бастадым. Мұны енді қорам жоқ, өзге де қажетті заттарым жоқ, сонымен ит-мысық жеп кете берді. Сосын осы қораны жасап болып, «Атамекен» қолдау көрсетіп жатыр дегеннен кейін Палатаға бардым. Міне, Палатаның қолдауымен осындай жағдайға келдім. 550 тауық, 60 шақты күрек тауық алғанмын. Соларды сатып, жаңадан алып, балапан басқызып дегендей, осы кәсіпті жүргізіп жатырмын», – дейді Бексейіт Сәрсенбаев.
Кәсіпкерлікті дамыту оңай жұмыс емес. Оның ішінде құс шаруашылығы үлкен еңбекті қажет етеді. Тазалықты жаны сүйетін жан құстарын да таза аулада бағады. Уақытпен санаспай, әрдайым тынымсыз еңбек еткеннің арқасында Жаңақорған ауданының нарығын жергілікті тауықтармен, олардың жұмыртқасымен қамтамасыз етіп отыр.
Бүгінде Бексейіт аға құс өсіру тәсілдерін жетік меңгеріп алған. Кәсіптің көзін тапқан шаруа құстардың жем-шөбін өзі дайындайды. Биыл бидаймен қоса жүгері егуді де жоспарлап отыр.
Кәсіпкер тауықтан басқа күрке тауық та асырайды. Күркетауықтан 7-ден 24 кг.-ға дейін ет алуға болады екен. Емдік қасиеті бар құс етіне де сұраныс жоғары. Құс шаруашылығынан бөлек ауыл азаматы ірі қара мал өсірумен, егін егумен де айналысады. Ерінбей еңбек етіп, жағдайын түзеген ел ағасы осылайша аудан экономикасын дамытуға өз үлесін қосып отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<