Конституция

Жалағаштың мақтанышы: аудан түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

31

0

Фото: Жалаған ауданы

Жалағаш ауданының білім саласы кезекті жарқын жетістікпен толықты. Еңбек ауылындағы Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектептің түлегі Балхан Альфия Бахытбергенқызы Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, 140 балл жинады.

«Алтын белгі» иегері атанған талапты жас қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін таңдап, білім бәйгесінде үздік нәтиже көрсетті. Бұл – шәкірттің табанды еңбегі мен білімге деген ұмтылысының, ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен жүйелі дайындығының, сондай-ақ ата-анасының қолдауының заңды жемісі.

Альфияның жетістігі – бір ғана мектептің емес, тұтас Жалағаш ауданының мерейін үстем еткен айтулы оқиға. Бұл нәтиже өңірдегі білім сапасының жылдан-жылға артып келе жатқанын және дарынды жастарды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесін айғақтайды.

Бүгінде білімді ұрпақ тәрбиелеу – ел болашағына салынған ең сенімді инвестиция. Осындай дарынды жастардың жетістігі өскелең буынға үлгі болып, жаңа белестерді бағындыруға жігер беретіні сөзсіз.

Жалағаш жұртшылығы аудан абыройын асқақтатқан Балхан Альфия Бахытбергенқызын толағай табысымен құттықтап, алдағы студенттік өмірінде де биік белестерді бағындырып, ел үмітін ақтайтын білікті маман болуына тілектестік білдіреді.

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».