Жаңа наубайхана іске қосылды

685

0


Арал қаласында жеке кәсіпкер С.Саяновтың «Қуантқан» азық-түлік дүкені жанынан жаңа наубайхана іске қосылды.
Аудан әкімі С. Сермағамбетов жаңа нысанға барып, жұмыс барысын көрді. Халыққа тиімді бағада нан ұсынуды мақсат еткен кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен бірге халық күнделікті тұтынатын, әрбір үйдің дастарханындағы ас атасының барлық талапқа сай пісірілуі қажеттігін айтып өтті.
Атап өтейік, бұған дейін азық-түлік өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер наубайхана ісін де қосымша жандандырмақшы.
Тұрғындардың сұранысына сәйкес күнделікті шығарылатын нан көлемін арттыруға болатынын да жеткізді. Қазіргі таңда наубайханадан шығарылған бір бөлке нан 80 теңгеден сатылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<