Жол бойындағы нысандар мәдени-туристік айналымға енген рухани орындар болады

289

0

  Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев брифинг барысында БАҚөкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Рауан Мыңбаев,
«Хабар 24» арнасының редакторы:  

– Өзіңіз айтып өткендей, Сыр өңірінде 12 нысан «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы  ая­сын­да қасиетті жерлердің республикалық тізіміне еніп­ті. Соның ішіндегі Сығанақ қалашығын аспа­насты музейге айналдыруда қандай жұмыс­тар жүргізілуде?


Жауап: 

– Сығанақты ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізу үшін жұмыс жасалып жатыр. Оған қоса Шірік-Рабат, тағы басқа нысандар Тәж Махал сияқты жауһарлар қатарында дүниежүзінің мәдени мұралар тізіміне енсе дейміз. Өткен жылы ЮНЕСКО процедурасы бойынша алдын ала тізімге өткіздік. Алдағы жылы ресми тізімге кіреді деп ойлаймын. Премьер-министр Б.Сағынтаевтың сапары кезінде Сығанақта болдық. Қазір республикалық бюджеттен 183 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта Қорқыт ата, Сығанақ сияқты үлкен жолдың бойындағы нысандар мәдени және туристік айналымға енген рухани орындар болады. Күзге салым біраз жұмыстардың нәтижесі көзге көрініп қалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<