Жол картасына түзетулер енгізу мәселелері қаралды

559

0

Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық мәслихаттағы фракциясы отырысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстың Жол картасына ұсынылған өзгерістер мен оның қаржылық жағынан қамтамасыз етілуі туралы мәселе қаралып, талқыланды.

Жиынды партия филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Ләйлә Төрешова ашып, жүргізіп, Жол карталарына түзетулер енгізу жөнінде жауапты ұйымдардан жинақталған ұсыныстарды фракция мүшелеріне таныстырып, жергілікті бағдарлама әкімшілерімен бірге қарастыруды ұсынды.

Фракция отырысына жауапты сала өкілдері мен аумақтардағы фракция мүшелері ZOOM бағдарламасы арқылы қатысып, ұсыныстар бойынша атқаруға тиіс шаруалар пысықталды.

Отырыс барысында Жол картаның орындалуы мен оған енгізілетін түзетулер туралы тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің хабарламалары тыңдалып, барлық ақпараттар фракция мүшелерімен сауалдар қою арқылы мұқият талқыланды және Жол карталарын тиімді іске асыру бойынша өз ұсыныстарын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<