\»Жолда қабылдау\»: 1000-нан астам тұрғын кеңес алды

183

0

19-20 шілде  күндері аралығында Қызылорда облысы аумағында республикалық  «Жолда қабылдау»  акциясы  өтті.    

Халықпен кері байланысты орнату бойынша полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында   жүргізілген екі күнге созылған акция облыс орталығында және барлық аудандарда өткізілді.    

Халық көп шоғырланатын орындарда арнайы «Жолда қабылдау» деп жазылған ақпараттық плакатпен рәсімделген автобустар орналастырылды. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға  электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі, онлайн режимде айыппұлды төлеу, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер кеңінен берілді.

 Сонымен қатар, екі күн бойы Халыққа қызмет көрсету орталығы, тіркеу-емтихан бөліністері, жол-техникалық бақылау және әкімшілік практика мамандары да жұмыс істеді. Шақырылған мамандардың барлығы өз салалары бойынша қандай да бір мәселемен келген азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, кең көлемді кеңестер берді.

Облыс  аумағында өткізілген акция барысында 1000-нан астам тұрғын  түрлі мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды.  Келген тұрғындардың барлығы көкейіндегі сұрақтарын  еркін қойып, тұшымды жауаптар алды. Тұрғындар көбінесе  құқықтық мәселелер бойынша жүгініп жатты.

Акция барысында әлеуметтік желілер  және «жедел желі» арқылы түскен тұрғындар сауалдары да назардан тыс қалмады.

 

 Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<