Жылыжайды инвесторлар салып бермек

1206

0

Сырдария ауданында жылыжайды ауданға қарасты шаруашылықтар мен инвесторлар салып беруі мүмкін. Аудан әкімі Руслан Рүстемов осы тың бастаманы көтеріп, инвесторлармен кездесті.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаты, «Углесбыт» ЖШС директоры Р.Есенов, «Мағжан және К» ЖШС төрағасы Д.Ералиев, «Мәді-Қажы» ЖШС төрағасы С.Сұлтанов, «Бесарық» ЖШС төрағасы М.Биболатов және бөлім басшылары қатысты. Кездесуде аудан әкімі ауданда «Жылыжай» жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік мол екенін атап өтті.

– Кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың драйвері. Қазіргі кезде тұрғындар кәсіпкерлікке бет бұрып, шаруасын дөңгелеткен жөн. Тың бастама, жаңашыл идея арқылы өз ісін бастау керек. Осы ретте ауданда жылыжай салуға қатысты жобаны жүзеге асыруды қолға алдық. Қолдау тауып, жүзеге асқанда мұның тиімділігі мол, – деді Р.Рүстемов.

«Жылыжай» жобасын аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Әзірбек түсіндірді. Жобаның құны – 3 млн 500 мың теңге. Егілетін қияр сорты – «Зена». Пісіп, жеміс беру уақыты – 50 күн. Әр түптен 7 келіден өнім алынады. Жылыжайға бір жылда кемінде 3 мәрте қияр егіп, мол өнім жинау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ аталған жоба негізінде қызанақ өсіруге де болады.

Кездесуде серіктестік төрағалары жаңа жобаның тиімді екеніне тоқталып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі аталған жоба жүзеге асса жұмыссыздықпен күреске де сеп екенін жеткізді.

Дәулет ҚЫРДАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<