Зиянкестермен күрес тоқтамайды

710

0

Осыған дейін Үкімет “Қазақстан Рес­публикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын” бекітті.

Бағдарлама аясында фитосанитариялық қауіпсіздік жөнінде бірқатар мәселе көтеріліп, талаптар, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдермен күресу әдістері мен тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстар күшейтілді. Қолайлы фитосанитариялық ахуалды сақтауға АШТӨ-ні ынталандыру жөніндегі шаралар кешені де әзірленуде.

Бағдарлама аясында үйірлі және саяқ шегірткелердің экономикалық зиянды шегінен жоғары саны бар, сонымен қатар жоғары фитосанитариялық қауіп төндіретін карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды ғана қаржыландыру жоспарлануда.

Ал, қалған қауіпті зиянды организмдер – зиянды бақашық, астықтың сұр көбелегі, гессен шыбыны, астық қоңыздары, мақта көбелегі, өрмекші кене, саршұнақ, тышқан тәрізді кеміргіштер мен колорадо қоңызы. Дәнді дақылдардың аурулары – тат және септориоз. Зиянды организмдер – шалғын көбелегі, бидай трипсі, жағалау шыбыны. Карантиндік объектілер (оңтүстік америкалық қызанақ күйесі, жеміс ағаштарының бактериялық күйігі, қауын шыбыны, мемлекеттік босалқы жердегі карантиндік арамшөптерді қоспағанда) бойынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатып алынған препарат құнының 50 процент мөлшерін субсидиялау қарастырылуда.

Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің бекітілген тізімін. Ауыл шаруашылығы министрінің «Өздеріне қатысты өсім­діктер карантині жөніндегі іс-ша­ралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-4/282 бұйрығынан қарау­ға болады.

Б.НҰРМАХАНОВ,

ҚР АШМ АӨК МИК

Жалағаш аудандық 

аумақтық инспекциясының басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<