Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Іңкәрдария ауылындағы «Мүлкалан» кесенесінің айналасына тазарту жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындары қасиетті жерді, қорымды тазартып, игілікті іске атсалысты.
«Мүлкалан» кесенесі – аудандағы Іңкәрдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 шақырым жерде, Жаңадария өзенінің жағасында орналасқан. «Мүлкалан» күмбезі шамамен ХVІІІ ғасырдан жеткен сәулет өнері ескерткіші болып саналады. Ескерткіштің биіктігі – 5 метр.
Кесене 1982 жылы республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген. 1985 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе, 2007 жылы күрделі жөндеуден өткен.
Сырдария ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<