Вакцинаны тасымалдау және сақтау мәселесі талқыланды

1228

0

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысында өңірде коронавируске қарсы вакцинаны тасымалдау, сақтау, ағзаға әсері жөніндегі мәселелер талқыланды.

Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбитбек Пазылов баяндама жасап, өңірде осы бағытта  атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бас дәрігердің айтуынша облысқа ағымдағы жылдың 31 қаңтарында, ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы, 27 қаңтардағы «ҚР халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» №3 қаулысы регламенті талаптарына сәйкес, «Спутник V» вакцинасының алғашқы 1000 дозасы қабылданып, 01-17 ақпан аралығында бұл вакциналар 100%- ға азаматтарға егілген. Олардың  939-ы медицина қызметкерлері болса, 61-і қала тұрғындары. Қазіргі таңда, осы вакцинаның екінші партиясы яғни – 3600 дозасы қабылданып,бүгінде 1571 медициналық қызметкер,  252 оқытушы, 29 полиция қызметкері мен өзге де 107 азаматқа егілген.  Вакцина алған барлық тұрғындардың денсаулық жағдайлары аймақ дәрігерлерінің бақылауында, қолайсыз жағдайлар немесе асқыну жағдайлары әзірге тіркелмеген.

Басқарма басшысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес,  өңірге барлығы 80 000 доза вакцина кезең-кезеңімен жеткізілетін айтып, егу жұмыстары  ағымдығы жылдың шілде айына дейін жоспарланып отырғандығын атап өтті.

Жиында вакцинаны сақтау мәселесі де сөз болды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша препараттар минус 18°С төмен температурада, барлық деңгейлерде вакцинаны сақтау суықтық тізбегіне сәйкестасымалданды.Тасымалдау, суық элементтері бар термоконтейнерлерінде, жабдықталған арнайы автокөлікте авторефрижератормен жүзеге асырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<