Ерден Жақсыбек: Қатысқан байқаулардың ешқайсысын сатып алған емеспін

575

0

Қазақстандық «Маска» шоуының жеңімпазы Ерден Жақсыбеков байқау бойы өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын жеткізді. Өнер иесі аталмыш жобадағы жеңісіне қатысты пікірін де білдіре кетті. Ол өзі қатысқан байқаулардың ешқайсысын сатып алмағанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерден Жақсыбек «Маска» шоуындағы жеңісінен кейін Instagram парақшасында жазба жариялап, барша қазақстандықтарға алғыс айтқан. «Барша тілектеріңізді оқып шықтым! Мені қолдаған жандарға, қолдамағандарға да шын жүрегіммен алғысымды айтамын, Алла разы болсын! Бала күнімнен жеңіп келе жатқан байқаулардың ешқайсысын сатып алған емеспін, Маска шоуы осыған тағы да бір дәлел болды. Бұл Әлемдік шоу, бұл жобаға қатысқан әр бір қатысушы жеңімпаз деп білемін! Мен үшін финалға жетпек түгілі бұл жобаның бір бөлшегі болудың өзі үлкен жеңіс! Еңбек бәрін жеңбек. Бәрі де Алланың бұйырғаны. Амандық болсын, баршаңызға тек сәттілік тілеймін, бәріңізді жақсы көремін», – деп жазды Ерден.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<