Бағына туған

628

0

Алақаныңда азат күн,


Арындап түстің сынға көп.


Бағына қалың қазақтың,


Туғансың таудай тұлға боп.

«Есімхан салған ескі жол,


Қасымхан салған қасқа жол.»


Ізіңнен ерген көшті көр,


Нұрсұлтанымен асқақ ол.

Аттан бір түспей, арымай,


Алашың шыққан шың қандай!


Армандап өткен Абылай,


Арқаңнан қағып тұрғандай.

Жерұйық күнге ұмтылдың,


Жүрекке жолдап, жөн сілтеп,


Жаңа әлемдегі жұртымның,


Жамалы жарық болсын деп.

Күлтегін сөзі шарттай-ақ,


Дәрпіңді көкке асырды.


Шіреніп садақ тартпай-ақ,


Шартарап Сізге бас ұрды.

Дін-қарындастан өрт тұтап,


Дүниені шарпып жүрер деп,


Аспаннан түскен төрт кітап,


Оны да қойдың түгендеп.

Бітімі бұлтты жасқаған,


Өзіңе ғана сыңардай,


Айдындап тұрған Астанам,


Омырауыңдағы тұмардай.

Тегіңе теңдік әперіп,


Көрсеттің солай көп қызық.


Қазақты күлден көтеріп,


Төбесін күнге жеткізіп.

Бір-бірін, ой-хой, ағалап,


Найқалсын елдің Нұр-құты!


Көк астындағы қағанат,


Біздікі емей, кімдікі!

Шәкизада ӘБДІКӘРІМОВ,

ақын, Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз