Нұрын төгіп, күліп жүрсін әйелдер!

942

0

Бүгін жастар, құрбы,

достар жайдары,

Бұл ерекше

қуаныштың айғағы.

Бақыт қонып,

құтты болсын бәріңе,

Әйелдердің Халықаралық

мейрамы!

Уа, парасатты інілерім,

балдарым,

Өркен жайсын десең

асыл арманың.

Отбасыңның берекесі,

киесі –

Анаңды күт, баға

жетпес ардағың!

Бағамдасаң бағзы заман

арыдан,

Тирандар да құрмет

тұтып, табынған.

Өйткені ізгі бар жақсылық

адамға,

Аналардың ақ сүтінен

дарыған!

Сексен жастың тағдырына

бағынып,

Оңашада отырғанда

тарығып.

Қуат беріп маңдайымнан

сипайтын,

Еске аламын Ұлы анамды

сағынып…

«Ана» деген киелі сөз

«үш әріп»,

Сол әріптен әлем тұр ғой

күш алып.

Бір анамен кездескенде

бір сәтке,

Бала болып кеткім келеді

қуанып.

Достық туын көтеріп

бірге бар елдер,

Жаңарған елім, жасарып

жерім гүлденер.

Ақ жүздерін кірбің шалмай

ақ таңнан,

Нұрын төгіп, күліп жүрсе

әйелдер!

Мұрат Сыдықов,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

«Құрмет» орденінің иегері,

Арал ауданының құрметті азаматы,

күйші-композитор,

ақын-жырау

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<