Үздіктерді анықтаған байқау

625

0

Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында «Үздік алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – креативті шығармашыл мұғалімді анықтап, олардың тәжірибесін бөлісу, сондай-ақ, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалiмдерiнiң мәртебесін көтеру.

Қатысушы педагогтар «Мен қазіргі заман педагогімін» – қашықтықтан оқыту жағдайында алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағын тиімді ұйымдастыру, «Мұғалімнің шығармашылық шеберханасы» –педагогикалық тәжірибесінде жасаған авторлық бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралы және сабақты тиімді жүргізуге оң әсер еткен таратуға лайықты педагогикалық идеясын ТЕD форматында қорғау кезеңдерінен өтті. Үшінші кезеңде олар колледждегі әскери-патриоттық бағытта өткізілген іс-шараны таныстырды. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағы барысында инновациялық идеяларды, жаңа формалар мен әдiстердi қолдануымен ерекшеленген Абылай хан атындағы жоғары колледжінің пән оқытушысы Берікбол Әбдібеков І-орын иеленді.

Ал С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің оқытушысы Серікбол Бекболатұлы ІІ-орынды жеңіп алса, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Жоматр Дінахметов келесі жүлделі орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздарға облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің Алғыс хаты табысталды

Жанболат ӨМІРЗАҚ,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<