18 жастағы сайлаушыға «Абай» кітабы сыйға берілді

538

0

Қызылорда қаласындағы Байзақ Момынбаев атындағы №278 орта мектепте №349 және №354 сайлау учаскелері орналасқан.

ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау күнінде аталған сайлау учаскелеріне келген көпшіліктің қарасы қалың. Ел өміріндегі саяси маңызды шараға белсенділік танытқан таңертеңгі уақыттан келуде.

№349 сайлау учаскесінде барлығы 2664 адам сайлаушы ретінде тіркелген. Олардың арасынан денсаулық жағдайына байланысты 10 адам үйден дауыс беруге мәжбүр.

«Сайлау учаскесі комиссиясы құрамында тоғыз адам бар. Олардың барлығы маңызды шара басталғаннан бері көпшіліктің өз таңдауын жасауына қызмет етіп отыр. Халықтың белсенділігі жақсы», – деді №349 сайлау учаскесінің төрағасы Нұрлан Нұртаев.

Ал №354 сайлау учаскесінде 2460 адам сайлаушы ретінде өз дауысын бере алады. Сайлау учасесіне басшылық жасап отырған Эльмира Азатбаева маңызды шараға жастардың да белсенділігі ерекше екенін айтады. Алғаш рет дауыс беруге келген 18 жастағы Мейірім Сейдубатталкызына комиссия мүшелері сый-сияпат жасап, оған «Абай» кітабын тарту етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<