33 градус ыстық: бүгін бірқатар өңірде күн ысиды

558

0

Сурет: ашық дереккөз

Синоптиктер алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz.

Алдағы 3 күнде еліміздің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстік аймақтарда да жаңбыр күтіледі. 25-26 сәуірде Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс өңірлерде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады.

Сонымен қатар метеорологтар 25-26 сәуірде республиканың оңтүстік-шығысында да қатты жауын-шашын болады деп болжады. Еліміздің қалған бөлігінде батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Бұдан бөлек, республика бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста және оңтүстік аймақтарда найзағай, шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал шығыс өңірлерде түнде көктайғақ, оңтүстік-шығыс аймақтарда күндіз бұршақ күтіледі дейді мамандар.

Ауа температурасы бойынша күндіз батыс өңірлерде +23…+30 градусқа дейін ыстық, солтүстік-батыс, солтүстік және еліміздің орталығында +20…+27 градус ыстық болады деп болжануда. Ал еліміздің шығысында ауа температурасы +15…+23 градус жылы болса, оңтүстікте сынап бағанасы +25…+33 градусқа көтеріледі. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы +17 градустан +25 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<