447 шетелдіктің еңбегі заңдастырылды

334

0

2018 жылдың 2 айында облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 3179 шетел азаматтары уақытша тіркеуге алынды, оның  469-ы алыс шетелдерден, ал 2710 ТМД елдерінен келгендер.
Жалпы тіркелген шетелдіктердің ішінде 2212-сі – жеке мақсатта, 284-і – қызметтік іссапармен, 666-ы – жұмысқа орналасу мақсатында, 4-і – турист ретінде, 4-уі оқу мақсатында келген.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабына сәйкес 547 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы негізінде 47, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы негізінде 13 Қазақстан Республикасының азаматтарына әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Әкімшілік жолмен ел аумағынан 75 шетелдік шығарылды.
Жыл басынан 447 шетелдіктің еңбегі заңдастырылып, жергілікті бюджетке 54 млн. 867 мың теңге түсірілді.
Алдағы уақытта, заңсыз көші-қонмен күрес, шетелдіктердің еңбегін заңдастыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру жалғасын табады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<