8 мамырға арналған ауа райы болжамы

161

0

Қазгидромет 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады. Бұрынғыша батыста және солтүстікте антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста –дауыл, күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай , дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз