Адам құқығы – ең жоғары құндылық

658

0

Биыл облыстық прокуратура әлеуметтік-экономикалық салада бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарды. Осы жылы 200 мыңға жуық адамның құқығы қорғалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық прокуратураның басқарма басшысы Олжас Қалматаев айтты.

Оның айтуынша, 225 ұйымның ұжымдық шарттарына жалақы сақталмайтын демалыстар, жұмыс уақыты мен тынығу уақыттары және зиянды жұмыстарға жіберуді реттейтін ережелер енгізіліп, 33 мыңға жуық адамның құқығы қорғалған.

– Мүгедектердің құқықтары да ретке келтірілді. Мәселен, Сырдария ауданындағы мүгедектердің такси қызметін пайдалану уақыттары ұзартылды. Шиелі, Жалағаш аудандарында инватаксилерде мініп-түсуге ыңғайлы құралмен жабдықталуы қамтамасыз етілді, – дейді О.Қалматаев.

Бұдан бөлек, бизнесті қорғау бойынша өңірлік жол картасы әзірленіп, аймақтағы кәсіпкерлердің бірқатар жүйелі проблемалары шешімін тапты. Ауылшаруашылығы саласында 160 млн теңге субсидия қаржысы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан басқа заңсыз игерілген 280 млн теңге субсидияға бөлінген бюджет қаржысын мемлекетке қайтару шаралары қабылдануда. Қазіргі уақытта оның 19 млн теңгесі мемлекетке қайтарылды.

Облыс прокуратурасының басқарма басшысының орынбасары Руслан Жақсылықовтың айтуынша, борышкерлерден алимент бойынша қалыптасқан 510 млн теңге қарыз өндіріліп, 368 адам жұмысқа орналастырылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<