«Әйтектегі» жұмыс өте маңызды

618

0

Өткен сенбіде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Әйтек» су торабына барды. «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Хамит Биімбетов су торабындағы жөндеу жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сырдария өзеніндегі «Әйтек» су торабы 2004 жылы «Сыр­дария өзенінің ар­насын реттеу және Арал теңізінің сол­түстік бөлігін сақтау» жобасы (САРАТС-1) аясында салынған. Аталған су торабы «Әйтек», «Соркөл» және «Елтай» арналары арқылы күріш егістіктерін сумен қамтамасыз етуге арналған. Су торабы «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының теңгерімінде.

2019 жылы қыркүйекте су тора­бы­ның төменгі бьеф арнасының 6,23 метр терең­дікке шайылу және ұзындығы 16,6 метр шпунтты қабыр­ғаның 52 см тереңдікке шөгуі орын алды.

Орын алған жағдай бойынша жедел шаралар қабыл­данып, нысандық төтенше жағдай жарияланды. 2019 жылы төтенше жағдайларды болдырмау және жою үшін облыстық бюд­жет­­тен 38 млн теңге және Үкімет ре­­зервінен 50,0 млн теңге қаражат бө­лінді.

2020 жылы жобаның жо­балау-сметалық құжатын әзір­леуге респуб­ликалық бюджеттен 48,0 млн теңге және 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде «Әйтек су торабын қайта жаңғырту» жобасына 700 млн теңге бөлініп, оның ішінде 308,1 млн теңгесі игерілді. Жобаның жалпы құны 826,3 млн теңге.

Қазіргі кезде бетон құю, армосеткалар және армокаркастар құрылыстарын орнату, насос қондырғыларымен суды сорып алу, шпунт сваяларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 69 инженер-техник қызметкер жә­не басқа да жұмысшылар бар. 17 техникамен жұмыс жасалуда.

Жобаны іске асыруды аяқтау үшін 2021 жылы рес­публикалық бюджеттен 472,9 млн теңге қаржу бөлу жоспарлануда.

Сәуір айында егін егу науқанының басталуына байланысты су торабын қайта жаң­ғырту жұмыстарын уа­қы­тылы аяқтау мәселесі өте маңызды болып тұр.

Облыс әкімі жұмысты уа­қытылы аяқтауды және бе­кі­тілген кестеге сәйкес сумен қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<