«ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

1097

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алушылар мен жас мамандарға арналған «Әлеуметтік-психологиялық кеңес беру» орталығы жұмыс істейді.Тұлғаның рухани-үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында келушілерге психодиагностика, психокоррекция, психотерапиялық жұмыстар жүргізіледі.

«Орталықтың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – тұлғаның өмірлік құндылықтарын қалыптастыру. Білім алушы мен оқытушы тұлғасының дамуына бағытталған әлеуметтік-психологиялық тренингтер ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі таңда орталықта кафедра оқытушылары жұмыс істейді. Қызмет көрсету барысында психологтар шетелдік жетекші мамандардың тәжірибесіне сүйене отырып, бірлесе ғылыми жұмыстар мен жобаларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, еліміздегі психологиялық орталықтармен әріптестік байланыс орнату жұмыстары жолға қойылуда,-деді Педагогикалық-психологиялық және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысыы,п.ғ.м Сәндігүл Дәрібаева.

 Орталық мамандарына сенім телефоны арқылы байланысуға болады. Ол үшін 8(724)26-26-58 немесе 8(777)3440309 ұялы нөмеріне хабарласасыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<