Әр жұма сайын тегін нан таратады

707

0

Фото: ашық дереккөз

Шымкенттегі дүкендердің бірінде әр жұма сайын тұтынушыларға жаңа піскен нан тегін беріледі. Бұл акцияны дүкен иелері алты ай бұрын бастаған екен деп хабарлайды Stan.kz.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше мұнда жұма сайын нанды тегін таратып, онымен қоса бауырсақтар пісіріп келушілерге ұсынылады екен. 

«Әр жұма тегін нан бар. Тұрғындардың бәрі риза, көрші-қолаң, ауданның бәрі біледі. Жұма күні таңертең бауырсақтарын да шығарып қояды, ауыз тиеміз. Мен өзім мұнда жиі келемін. Әсіресе, бәрі қымбат болған осындай қиын кезеңде бұл жақсы іс”,- деді Жанна Мамырова.

Бұл дүкеннің иелері осыдан жарты жыл бұрын, ашылған сәттерінен бастап мұсылмандар үшін қасиетті күні игі шара жасауды қолға алған.

«Жұбайым жақсы бастама жасауды шешті. Мен қолдадым. Біз ашылғаннан кейін 2-3 аптадан соң тегін нан беруді шештік. Жаңа жылдан кейін күйеуім «тағы да 5 пайыздық жеңілдік қосайық» деді, мен қолдадым. Бәрі осылай басталды. Жалпы зейнеткерлер риза. Жергілікті тұрғындар чат құрып, басқаларға біздің дүкенде нан тегін таратылатынын және жеңілдік бар екенін айтуда»,- деді «Арсенал» дүкенінің иесі Айдана Асан

Дүкен иелері бұл жақсылықтың Құдайдан қайтатынына сенімді. Тұрғындар да алғысын жаудыруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<