Әрбір азамат бірлікті, ұлттық бірегейлікті нығайту үшін қызмет етуі керек

581

0

Ел бірлігі – маңызды құндылықтарымыздың бірі. Татулық пен келісім тек, мемлекеттік саясатта ғана емес, қоғамда, ұжымдарда және барлық жерде де дәріптелуі қажет. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында «Қоғамдағы татулық пен келісім, ұлттық бірегейлік, бұл жәй ұран емес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы болуы керек. Қазақстанда өмір сүріп жатқан этнос өкілдері үшін, аса қымбатты құндылық. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында ғана, біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз.» деп атап өтті.

ҚР-ның әрбір азаматы бірлікті, ұлттық бірегейлікті нығайту үшін қызмет ету керек.

Біздің Қазақстан қоғамының ұлттық бірегейлігінің мәні мынада: Біз қоғамның ұлттық бірегейлігін, әлеуметтік, саяси, экономикалық және рухани құндылықтарды негізге ала отырып, мәдени және тарихи жолмен қалыптастырып және дамытып отыруымыз керек.

Ұлттық бірегейліктің нышандарына:

Бірінші нышан – өзіміздің төлқұжатымызды жатқызамыз. Қазақстанда мекендеп отырған азаматтарға, нәсіліне, ұлтына, діни көзқарасына қарамастан, кәмілеттік жасқа толғаннан кейін, ҚР–ның азаматы төлқұжаты беріледі. Осы төлқұжат ұлттық бірегейліктің бір нышаны.

Екінші нышан – бұл біздің көк туымыз. Мысалы: «Үлкен халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен, қазақстандықтардың құрметіне біздің көк туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады.»

Үшінші нышан – бұлда өте маңызды Қазақстанда мекендеп отырған, этнос өкілдері қазақтың мәдениетін, тілін, рухани болмысын бойларына сіңіре білу керек. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, барлық азаматтардың қазақ тілін білуі, олардың парызы болу керек деп есептейміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлігімізді нығайтуға, ұлттық бірегейлігімізді қалыптастыруға қызмет ететін бірегей құрылым. Ассамблея – қазақ жерін мекен етіп отырған барлық этностарды қазақ ұлтының маңайына ұйыстырып отыруға қызмет етуі керек.

Құрметті қауым!

Бүгінгі таңда облыс көлемінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың және оның мүшелері мемлекет басшысы бекіткен «Бірлігіміз әралуандылықта» қағидатын ұстанып ел мүддесі үшін азаматтық белсенділіктерін танытып келеді. Алдағы уақытта да бірлік пен бірегейлікті ту етіп аймағымыздың дамуына аянбай қызмет ете береміз! Ел іргесі тыныш болып, бейбіт заман болсын!

Баймырза Қожамберлиев,

Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы

Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары,

философия ғылымдарының докторы, профессор.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<