Әскери-техникалық мектептің түлектері ант қабылдады

867

0

Қарулы күштердің 30 жылдығы қарсаңында Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің 21 сарбазы әскери ант берді.

Бұл биылғы жылы әскери-техникалық мектепті тәмамдап отырған түлектердің екінші легі. Сарбаздар теориялық, тактикалық дайындықтарды меңгерумен қатар, «Тереңөзек» оқу-жаттығу полигонында екі мәрте қарудан оқ атып үлгерді. Аталған техникалық мектепте қырық күндей жоспарға сай қажетті даярлықтан өтті. Оқу барысында жауынгерлік атысқа дайындықтың ерекшеліктерін оқып, әскери-патриоттық тәрбие сағаттарына қатысты. Әскери-техникалық мектеп қысқа мерзім ішінде жастардың әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне мүмкіндік беруде.

– Әскери-техникалық мектебінің ұстаздарына айтар алғысымыз шексіз. Оқу барысында әскери тәртіпке баулып, нағыз жауынгер қандай болу керектігін іс-тәжірибелік сабақтарда үйретті. Осындай ортада білімімді шыңдап, әскери тақырыптар бойынша біршама мәліметтерге қол жеткіздім. Мектепті бітірген соң әскери қызметке орналассам деген ниетім бар, – дейді мектеп түлегі Қорған Өтегенов.

Әскери-техникалық мектептерге іріктеу жылына 7 рет өткізіледі. Қызылорда қаласының әскери-техникалық мектебі жылына шамамен 130-дан астам азаматтарды оқуға қабылдайды.

Мұхит Қонаров,

 Қызылорда гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

лейтенант

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<