Әскерилер бақ сынады

839

0

Жас армияшылардың әлеуетін көтеру, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген патриоттық сезімді арттыру мақсатында жыл сайын «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны ұйымдастырылып келеді. Оған қатысушы жастардың қызығушылығы артып, «Жас сарбаз» қозғалысының қатары көбеюде.

Жылдамдық пен ептілік, төзім мен күш сыналатын бәсеке биыл да өз жалғасын таппақ. ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен «Айбын» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны биыл Қарағанды қаласында оффлайн форматта өтеді. Осы орайда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Б.Момынбаев атындағы №278 ақпараттық-технологиялық мектеп-лицейінде іріктеу туры өтті. Оған аудандар мен қаладан 8 команда қатысып, 7 түрлі сайыс бойынша бақ сынады. Атап айтсақ, белтемірде тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтау, арқан тарту, пневматикалық вентовкамен ату, газтұтқышты және плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, әскерилендірілген эстафета.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Арал ауданы, 2-орынды Қызылорда қаласы, 3-орынды Жаңақорған ауданы иеленді. Жиын соңында әр сайыстан үздік атанған жастар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<