Аға тәлімгерлерге арналған республикалық онлайн семинар өтті

648

0

Бүгін, 6 желтоқсанда «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Аға тәлімгер қызметін ұйымдастырудың инновациялық жолдары» тақырыбында республикалық онлайн семинар өтті.


Тәжірибе алмасу семинарына Жамбыл облысының, Арал, Қазалы, Шиелі аудандарының және Қызылорда қаласының білім беру ұйымдары мен мектеп-интернаттардың аға тәлімгерлері, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.


Орта білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің қызметін ұйымдастыруда тәрбиелік іс-шараларды жоспарлауға, ұйымдастыру бойынша қолданылатын жаңа инновациялық әдістердің тиімділігін анықтауға және зерделеуге бағытталған әдістемелік семинардың тыңдалымында тәрбие бағдарламасы, балалардың қоғамдық бірлестігінде тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру, «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар қоғамдық ұйымдарының қызметін сүйемелдеу, девиантты мінез-құлықты балаларды тәрбиелеу мәселелері, аға тәлімгердің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру, аға тәлімгер қызметіндегі ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері, білім алушылардың оқуға құштарлығын ояту, ерекше білімді қажет ететін балаларды ортаға бейімдеу тақырыптары бойынша үздік баяндамалар тыңдалып, тәжірибелік жұмыстар таныстырылды.


Республикалық онлайн семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, сұрақ-жауап арқылы пікір алмасу болды. Семинарға қатысқан барлық педагогтерге сертификат, үздік баяндамашыларға Алғыс хат берілді. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша алдағы күндері pdf форматта электронды жинақ шығарылады.

Жанар Құлымбетова,
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<