Айтыстың ақтаңгерін қошеметпен күтіп алды

403

0

Сурет: Шиелі ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасы

Бүгін Шиелі халқы Елордамыз Астана қаласында өткен «Алтын домбыра» Республикалық ақындар айтысында 1-ші орынды қанжығасына байлап, «Айтыстың ақтаңгері» деген абыройлы атпен, елге оралған Мейірбек Сұлтанханды күтіп алып, тұлпар мінгізді.

Келелі кездесуге аудан әкімі Нұржан Ахатов, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанханның ұстазы Кенжебай Жүсіп пен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Алдымен ақынға арнау айтылып, кейіннен аудан басшысы Нұржан Ахатов, Мұхтар Ниязов пен Кенжебай Жүсіп сөз алып, мәдениет саласының ардагері Исабек Байкенжеев бата берді.

Жиын соңында аудан басшысы ақынға ат мінгізіп, құрмет-қошемет көрсетті.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<