Академик Асқар Жұмаділдаевпен кездесті

296

0

Сыр өңірінде Қазақстан ҰҒА академигі, математик, профессор Асқар Жұмаділдаев атындағы жас математиктер арасындағы халықаралық байқау басталды. Халықаралық білім бәсекесіне еліміздің барлық өңірлерімен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінен 1700-ге жуық үміткерден өтінім түсіп, іріктелген 100 қатысушы байқауда бақ сынауда.

Бүгін аймаққа арнайы келген байқаудың қазылар алқасының төрағасы, академик Асқар Жұмаділдаев филиалымызда қонақта болды.

Бұл кездесуде қатысушылар қазақстандық ғылымның аңызына айналған, әлемдік деңгейдегі тұлғамен тілдесудің, өздерін қызықтырған сауалдарды қоюдың, өз саласының майталманынан математикадан кеңес алудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.

Кеш барысында академик Асқар Серқұлұлы жас математик мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен білім алушылардың қабілетін дамытуға бағыттау мақсатында ұйымдастырылған халықаралық байқау туралы қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, аталмыш байқаудың негізгі талаптарын айтып берді.

Кездесу соңында сөз алған филиал директоры Бауыржан Елеусінов академикке авторлығымен жарық көрген кітаптарын сыйға тартып, құрмет көрсетті.

Озық ойларымен, жаңашыл істерімен, ұтымды ұсыныстарымен кеңінен танымал математика саласының білгірі, ғалым Асқар Серқұлұлына толайым табыстар, сәтті бастамалар тілейміз!

Гүлхаят Махмутова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының PR, SMM маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<