Алдағы үш күнде ауа райының қандай болатыны айтылды

171

0

Қазгидромет 7-9 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Сондай-ақ солтүстік өңірлерде желдің күшеюі және ауа температурасының 20-25 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, республиканың батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз